Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодардағы «Мектепке жол» акциясы

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 24.08.2022 1963 0 пікір
Павлодардағы «Мектепке жол» акциясы

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының Павлодар облысы өкілдігі және кәсіпкер азаматтардың  ұйытқы болуымен дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Павлодар облысының  бас имамы Жолдас Бертымұратов бастаған дін қызметкерлері және облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Қамқор-Шарапат» бөлімінің қызметшілері қатысты.

Қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын  100 ұл, 100 қыз барлығы 200 оқушыға (дәптерлер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, суретдәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) үлестірілді.     

Акция барлық аудандық мешіттерде жалғасуда. Қазіргі жағдаймен акция бойынша Аққулы  ауданы 30 балаға, Ақсу ауданы 31 балаға, Ертіс ауданы 53 балаға, қалалық «Ар Рахман» мешіті  6 балаға, «Бижан» мешіті    10 балаға, «Ақмешіт» мешіті 40 балаға, «Әбу Бәкір Сыддық» мешіті 10 балаға, «Омар Фаруқ» мешіті 10 балаға, Баянауыл ауданы 33 балаға,  Шарбақты  ауданы 23 балаға, Железин  ауданы 10 балаға, Ақтоғай  ауданы 33 балаға, Май ауданы 22 балаға, Екібастұз ауданы 150 балаға оқушылар сумкасы  және оқу құралдарымен көмек көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру