Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда жыл басынан бері 20 адам жат ағымнан бас тартқан

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 24.08.2022 1761 0 пікір
Атырауда жыл басынан бері 20 адам жат ағымнан бас тартқан

Бұл – Атырау облысы имамдарының кешенді түрде атқарған жұмыстарының нәтижесі.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қала және аудан имамдарын жинап, жат ағыммен күрес тақырыбына арналған жиын өткізді.

Жиында дәстүрлі емес ағымдармен күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Терроризм бабымен сотталғандармен жасалып жатқан жұмыстар, мешіт жамағаттарының сауаттылығын арттыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардың есебі тыңдалды.

Жиын соңында Бас имам дәрістерді күшейту, әр Құптан намазы алдында айтылатын уағыз-насихаттарды жат ағымнан сақтандыру, бірлікті арттыру тақырыптарына арнауды, интернет, әлеуметтік желі мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды тапсырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру