Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам ғылыми жиынға қатысты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 24.08.2022 1824 0 пікір
ШҚО: Бас имам ғылыми жиынға қатысты

Шығыс Қазақстан облысының жаңадан құрылған Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында дарабоз Қабанбай батырдың 330 жылдығы кең көлемде тойланып өтті. 

Аталған іс-шараға ҚМДБ ШҚО өкілдігінің бас имамы Ермек Қасболатұлы қатысып, «Бабалар ерлігі ұлтқа мұра, ұрпаққа үлгі» атты ғылыми конференцияда Қабанбай батырдың тарихи тұлғасы туралы баяндама жасады.

Ермек Қасболатұлы баяндамасында Қабанбай батырды ұлықтаудың маңыздылығына ерекше тоқталып: «Қазақтың қаһарман ұлы дарабоз Қабанбай батыр өз өмірінің 60 жылын ел мен жері үшін соғысып ат жалында өткізді. Сондықтан Қабанбай батырды «ғази» деп атағанымыз абзал. Себебі шариғат бойынша дін үшін күресіп, соғыста кәпірді жеңіп, шайқастан аман-есен оралған жанды «ғази» деп құрметтейді» деп батырдың тарихи тұлғасына баға берді. Бас имам сонымен қатар қазақ қалмақ соғысындағы діннің ролі туралы да тың деректерді ұсынды.

Ғылыми жиында сөз алғандар бас имамның ұтымды ұсынысын қолдап, тарихи оқиғаларды ұрпақ жадынан өшірмей, отаншылдық рухты өсірудің маңызы зор екендігін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру