Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТӨБЕ: ТАЛАПКЕРЛЕР ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 24.08.2022 2166 0 пікір
АҚТӨБЕ: ТАЛАПКЕРЛЕР ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ

Ақтөбе облысы Алға ауданының Бестамақ ауылындағы «Ақтөбе» медресе-колледжінде 2022-2023 жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.

Оқуға түсу үшін емтиханға 9-сынып бітірген 68 талапкер қатысты. Оның ішінде 46 ер бала және 22 қыз бала. 68 талапкердің 38-і Ақтөбе облысынан, 10-ы Атырау облысынан, 7-уі Маңғыстау облысынан, 4-уі Батыс Қазақстан облысынан, 4-уі Қызылорда облысынан, 3-уі Түркістан облысынан және 1-уі Қостанай облысынан келді.

Талапкерлерден емтихан алған арнайы комиссия құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев (төраға), Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, медресе-колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жексенбай Торбаев және аталған рухани білім ордасының ұстазы Бекжан Ілиясов болды.

Айта кетейік, талапкерлерді қабылдау 27 тамызға дейін жалғасады. Қорытындысы 28 тамыз күні конкурс нәтижесі ретінде шығады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру