Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДА XI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 23.08.2022 2600 0 пікір
АЛМАТЫДА XI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ

Алматы қаласының «Қарасай батыр» мешітінде XI республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің» дегеніндей Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының ұйымдастыруымен қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XI Респуликалық жарысқа іріктеу сайысынан жүйріктер анықталды.

Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша 4 номинациядан ұйымдастырылды. Жаңадан ашылған «Қарасай батыр» мешітінде өткен тартысты додаға Алматы қаласы бойынша 67 үміткер қатысып, өзара бақ сынасты.

 

Мәнерлеп оқу бойынша:

1-орын Бектұрғанов Баубек (80 мың теңге)

2-орын Мұсабек Биахмет Жанатұлы (50 мың теңге)

3-орын Әмір Асылжан Шахмарданұлына (35 мың теңге) бұйырды.

 

10 пара бойынша:

1-орын Қасым Разихан Садриддинұлы (100 мың теңге)

2-орын Абдухаюмов Садриддин Саиджанұлы (70 мың теңге)

3-орын Эментаев Асадулла Иззатуллаұлы (50 мың теңге) жүлделі орындарды иеленсе, 

 

20 пара бойынша: 

1-орын Абдулазиз Абдулбақи Совранбекұлы (120 мың теңге)

2-орын Махан Айдын (100 мың теңге)

3-орын Исмайлов Рахматулла Абдурахимұлы (80 мың теңге) жүйрік шықты. 

 

Ал 30 пара бойынша:

1-орын Абдазимов Ниғматулла Совранбекұлы (200 мың теңге)

2-орын Хакимов Фазлиддин Абдихожаұлы (150 мың теңге)

3-орын Еркінов Омар Акрамұлы (120 мың теңге) үздік шықты.

 

Әр номинация бойынша жүлделі 1 орынды иеленген 4 жеңімпаз XI Республикалық Құран жарысына жолдама алды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру