Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Орталық мешітте «Мектепке жол» акциясы аясындағы қайырымдылық шарасына қатысты.
ҚМДБ бекіткен жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында Алматы қаласы бойынша бір мезетте бірқатар мешіттерде «ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА – ЖАҢА ЖАБДЫҚТАР» қайырымдылық шарасы өтті. Аталмыш «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қалалық өкілдігі ұйымдастырып, сегіз аудандық мешіттерде 100 ден 300 балаға дейін, нақтырақ айтқанда қала бойынша 1500 мектеп оқушысына жаңа оқу жылына жаңа жабдықтар салынған сөмкелер табыстады.
Әр ауданнан көпбалалы аналар, «Жусан» операциясы аясында елге оралған отбасының балаларына, көмекке мұқтаж отбасылар қамтылған тізім бойынша үлестірілді.
Айта кетсек, Алматы қаласы әкімдігінің берген мәліметі бойынша шаһарда 210 мектеп бар, биыл 3 мектептің құрылысы толық аяқталса жыл соңына дейін 5 мектеп салу жоспарлануда.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
23.08.2022
3418
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру