Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісайда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 23.08.2022 1975 0 пікір
Жетісайда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Түркістан облысының Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінде қала-ауыл мешіттерінің, «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына орай қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Қайырымдылық акция барысында 200 балаға мектеп сөмкесі мен қажетті оқу құралдары үлестірілді. Игі іс-шарада Жетісай ауданының бас имамы Жорабай Ахбердіұлы оқушыларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, білім алудың маңыздылығы жайлы насихат айтты.

«Қазір жақсы оқыған адам ғана бәрінен озады. Сондықтан оқуда озат болып, білім алуға ден қойыңыздар. Алла Тағала сіздердің, балаларымыздың болашағын жарқын етсін» деді ол.

Аудан имамы шара соңында демеушілік жасаған кәсіпкер азаматтарға алғыс білдіріп, дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру