Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Асар жолы» Маңғыстау өңіріне жетті

beket-ata.kz 23.08.2022 2050 0 пікір
«Асар жолы» Маңғыстау өңіріне жетті

Үш жылда әлеуметтік жағдайы төмен 460 отбасының үйлі болуына атсалысқан республикалық «Асар жолы» қайырымдылық қорының өкілдері киелі Маңғыстау топырағына ат басын тіреді.

Арнайы керуенді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Серікұлы, өңірдің бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, жергілікті қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы және қала халқы құшақ жая қарсы алды.

Іс-шараның алғы сөзі Ұлықбек Серікұлына берілді. Одан кейін сөз алған Әнуар қажы Ізімбайұлы қазақ халқының ежелден қайырымдылыққа бейім болғанына тоқталып, қор қызметін осы ізгі дәстүрдің жалғасы деп атады.

Қуанышбек қажы Спанұлы болса, Маңғыстау өлкесінен көптеген жаны жайсаң, жомарт азаматтардың шыққанын айтып, азаматтарға қадамына құтты болсын айтып, ақ батасын берді.

Айта кетейік, «Асар жолы» қайырымдылық қорының бұл сапары бір ай бұрын елордадан бастау алған болатын. Қор жобасының мақсаты – 20 мың шақырым жол жүріп, бүкіл елді аралап, мұқтаждарға пана беріп, қол ұшын созу.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру