Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қапшағай» мешітінде құран оқу байқауы өтті

Алматы облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 23.08.2022 2088 0 пікір
«Қапшағай» мешітінде құран оқу байқауы өтті

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің ұйымдастыруымен ХІ республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауына іріктеу өтті.

Іс-шара шымылдығы қасиетті Құран аяттарымен ашылған соң, Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы сөз алып, Құранға қызмет етудің маңызы жайлы сөз қозғалы. Бас имам ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың –Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің», – деген хадисін еске салып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Іріктеу байқауына қарилар Мансұр Ниятулла, Қуаныш Абишев және Хусниддин Бувраев секілді білікті дін қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы төрелік етті. Баға беру барысында үміткерлердің оқу мәнерінен бастап, дыбысты шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. 

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы қатысып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Жиналған қауымға насихат айтып, қатысушыларға және ізгі іс-шараны ұйымдастыруға сүбелі үлес қосып, қаржылай қолдау білдірген азаматтарға ризашылығын білдірді. Жарыс нәтижесі төмендегідей.

 

Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша: 

І орын – Нұртілеу Сейітқасым – Ұмра (кіші) қажылығы.

ІІ орын – Әліби Бурибаев – 100 000 теңге.

ІІІ орын – Айдын Мақан – 80 000 теңге.

 

Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Акмал Рахимкулов – «Lenovo» маркалы ноутбук.

ІІ орын – Азамат Абжалов – 70 000 теңге.

ІІІ орын – Анвар Инаятуллаев – 50 000 теңге.

 

Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Ясин Жалилов – 80 000 теңге.

ІІ орын – Али Абдрахман – 60 000 теңге.

ІІІ орын – Төрехан Нажмиддинов – 40 000 теңге.

 

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:

І орын – Сұлтан Бегімов – 70 000 теңге.

ІІ орын – Биахмет Мұсабек – 50 000 теңге.

ІІІ орын – Берік Асқарұлы – 30 000 теңге.

Әр аталым бойынша І орын иегерлері ХІ республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауына жолдама алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру