Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Жармыш ауылында мешіт ашылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 11.08.2022 2974 0 пікір
Маңғыстау: Жармыш ауылында мешіт ашылды

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданына қарасты Жармыш ауылында сәні мен сәулеті жарасқан жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Құлшылық үйінің ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Хабибуллаұлы, аудан имамы Құралбай Амалбайұлы, дін қызметкелері, жергілікті ақсақалдар және елдімекен тұрғындары қатысты.

Алғы сөз алған Әнуар Ізімбайұлы іс-шараға жиналған қауымды құттықтап, жаңа мешітке имам болып тағайындалған Наурызбек Әбдірахимұлын таныстырды. Сондай-ақ, бас имам құлшылық үйінің құрылысына қолдау көрсетіп, елеулі үлес қосқан Жақсыбек Асылбекұлына және Тұрсынай Жалғасқызына ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

Өз кезегінде Ерболат Хабибуллаұлы және ауыл қариялары да сөз сөйлеп, ауыл халқының қуанышымен бөлісті.

Іс-шара барысында Құран аяттары оқылып, еліміздің амандығы үшін дұға жасалды. Шара соңында жамағатқа ақ дастарқан жайылып, ізгі тілектер айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру