Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Бас имам – Амангелді ауданында

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 09.08.2022 2845 0 пікір
Қостанай: Бас имам – Амангелді ауданында

Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы Амангелді ауданына арнайы барды. Сапар барысында аудандық орталық кітапханада жастармен жүздесті.

Кездесу барысында бас имам ел үшін туған бабаларымыз жайында әсерлі насихат айтты. Батыр да, дана да, ғұлама-ғалымдар, би-шешендер, елге пайдасын тигізген асыл аталарымызды тілге тиек етті. Насихат тыңдаушы жастарымызды басқаға еліктемей  бабаларымыз салған жолмен жүріп, көп кітап оқып, білімді, иманды болуға шақырды. Насихат тыңдаушы жастарға  өз тілегін айтты.

Бұдан кейін Бақытбек Нұрғабылұлы «Сатыбалды ишан» мешітінде жамағатпен арнайы кездесті. Бас имам намаздан соң оқылатын дұғалар жайында және Пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтудың артықшылығы, истиғфар айтудың сауабы жөнінде кеңірек тоқталды. Жамағат бас имамға риза болып, уағыздан соң жиналып құптан намазы оқылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру