Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Қарасай батыр» мешіті ашылды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 09.08.2022 3259 0 пікір
Алматы: «Қарасай батыр» мешіті ашылды

Алматы қаласының Алатау ауданында жаңадан «Қарасай батыр» мешіті ашылды.

Құлшылық ордасының ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев, бас имам Төлеби Оспан, әкімдік қызметкерлері, қала имамдары, сондай-ақ ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, мешіт жамағаты қатысты. 

Алатау ауданына қарасты Өжет шағын ауданында орналасқан көрікті Алла үйінің ашылу рәсімінде наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді.

Одан бөлек мешіт салуға демеушілік жасаған кәсіпкерлерге Бас мүфтидің алғыс хатын табыстады. Жаңа мешітке бас имам болып тағайындалған Ержан Базарбекұлын жамағатқа таныстырып, қызметіне береке тіледі.

Айта кетейік, бұл – Алматы қаласы бойынша бой көтерген 54-мешіт.  

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру