Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ МҮШЕСІ МАҢҒЫСТАУ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 02.08.2022 963 0 пікір
РАНТ МҮШЕСІ МАҢҒЫСТАУ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Маңғыстау облысына ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Хасан Аманқұл жұмыс сапарымен арнайы келіп, өңір жамағатымен жүздесті.

Атап айтқанда, Хасан Ташайұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата», Жаңаөзен қаласының «Әбіш қожа», «Шаңырақ ш/а» мешіттерінде болып жергілікті жамағатқа уағыз-насихат айтты. Аталмыш іс-шаралар аясында орта есеппен 4000-ға жуық адам қамтылды.

Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласы имамдарының ұйымдастыруымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» жобасы және «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын насихаттау мақсатында РАНТ мүшесі әулиелер мекені – Маңғыстаудағы «Шопан ата» жерасты мешіттері мен Оғыланды тауындағы «Бекет ата» мешітіне зиярат жасады. Зиярат барысында Хасан Ташайұлына Маңғыстаудағы киелі жерлер, құпиясы көп қасиетті мекендер жайлы мәлімет берілді.

Сапар қорытындысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы РАНТ мүшесіне жергілікті дін қызметкерлері мен жамағаттың атынан алғыс айтып, атқарған жұмыстарына ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру