Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ МҮШЕСІ – ҚОСТАНАЙДА

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 01.08.2022 3368 0 пікір
РАНТ МҮШЕСІ – ҚОСТАНАЙДА

Қостанайға РАНТ мүшесі әрі «Зекет және қайырымдылық» қорының Ислам қаржысы жөніндегі сарапшы маманы Мақсатбек Қайырғалиев жұмыс сапарымен арнай келді.

Алдымен орталық мешіт және облыстық Діни мәселелерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жат ағым мәселесіне жауапты мамандарға арналған жиын өтті. Оған өңірдің шалғай ауыл-елдімекендерінің сала мамандары онлайн қатысты.

Мақсатбек Қайырғалиев жат ағым мүшелері мен діннен адасушылар туралы жан-жақты тоқталып, олармен пікірлесу жолдары жайлы ұсынысын ортаға салды.

Бұдан кейін РАНТ мүшесі облыс аймағындағы имамдармен және «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты мамандарына семинар өткізді. Қозғалған тақырып – «Астық өнімдерінен зекет жинаудың ерекшеліктері». Мақсатбек Қайырғалиев Қостанай өңірінің көп жері егінді алқап болғандықтан оның үшірін қалай шығару керектігі туралы жан-жақты тоқталды.

Өз кезегінде өңірдің мамандары да осы тақырып аясында жан-жақты сұрақтарын қойып, тұшымды жауабын алды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру