Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Шалқар ауылында жаңа мешіт ашылып, ел игілігіне берілді.
Жаңа мешіттің ашылу салтанатына аудан басшылығы, ел ағалары, имамдар және ақсақалдар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты рәсімге қатысқан қатысқан ауыл қариялары: «Зайсан өңірі үшін бұл үлкен қуаныш. Мешітіміз жамағатқа толы болсын. Мешіт салған азаматтарға Ұлы Алла Тағаланың разылы болсын. Бұл аса зор сауапты іс. Ауыл халқы да бұл мешіттен көптен күткен еді» дей келе, жиналған халықты құттықтап, бата берді.
Іс-шара барысында Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды. Құлшылық үйінде алғашқы азан айтылып, дүбірлі думанға бөленді.
Шалқар ауылында ашылған бұл мешітте жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мешітті ашу рәсімінде ақ шашу шашылып, ғимаратын тұрғызған азаматтарға жамағат алғыс білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
01.08.2022
5794
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру