Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТӨБЕ ЖАМАҒАТЫ ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 29.07.2022 3489 0 пікір
АҚТӨБЕ ЖАМАҒАТЫ ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Осы аптада ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің қолдауымен мешіт жамағаты рухани-танымдық сапармен Нұр-Сұлтан қаласына арнайы келді.

Ақтөбе қаласындағы «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Панабайұлының жетекшілігімен елордаға келген жамағат ынтымақ-бірлікті нығайту, білім арттыру мақсатында ұйымдастырылған сапарды республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етуден бастады.

Бұдан кейін мешіт жамағаты рухани-танымдық сапарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында жалғастырып, ұстаздармен сұхбаттасты. ҚМДБ ғимаратымен танысып шыққан жамағатқа Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбаев, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы және т.б дін мамандары «Дін және насихат», «Мәзһаб ұстанудың маңызы», «Уақып – сауаптың сұлтаны», «Мұсылманның өміріндегі неке және талақ мәселелері» тақырыбында насихат айтып, қажетті ақпарат берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру