Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: РАНТ мүшесі Бейнеу жамағатымен жүздесті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 28.07.2022 2849 0 пікір
Маңғыстау: РАНТ мүшесі Бейнеу жамағатымен жүздесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Юнус Қадырқұлұлы Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде болды.

Жаңаөзен қаласының бас имамы құлшылық үйіне жиналған қауымға жамағаттың бірлігі жайлы әсерлі уағыз айтып, олардың сұрақтарына жауап берді.

ҚМДБ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес маңғыстаулық РАНТ және ЖАНТ мүшелері өңіріміздің түкпір-түкпірінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айта кеткен жөн.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру