Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов Еңбекшіқазақ ауданының имамдарымен кездесті.
Кездесуде имамдық қызметтің жауапты әрі сауапты екендігін айта келе діни қызмет сапасын арттыру, имамдардың қызметтік әдебі т.б мәселелер қаралып, жасалған іргелі іс-шаралар қорытындыланды.
«Имамдық – ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалған абыройлы әрі жауапты қызмет. Дін қызметкерлері қызмет әдебін қатаң сақтап, рухани парасаттың үлгісі болуы тиіс. Имамдардың киім кию мәдениеті, сөйлеу әдебі, халықпен қарым-қатынасы туралы сөз қозғалды. Ауданның діни қызметкерлері ісіне белсенді атсалысу керек» деп қорытындылады.
Бас имам сонымен қатар қасиетті Құрбан айтта атқарылған істерге де тоқталып, бұл бағытта имамдар аса белсенді қызмет еткенін де айтты.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облыстық өкілдігі
21.07.2022
3841
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру