Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 20.07.2022 3056 0 пікір
АҚТАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Ақтау қаласында «Орталық Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: қазіргі жай-күйі мен перспективалары» атты халықаралық форум өтті.

Халықаралық форумға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Түркия Республикасы Анкара қаласы Хетт университетінің теология факультетінің доценті, профессор Мехмет Евкуран, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық бірлік пен діни саясатты нығайту жөніндегі сарапшылық кеңестің мүшесі Маметбек Токтомушевич Мырзабаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының докторы Кеңшілік Тышханұлы, Халықаралық эксперт, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүминов, облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, шетелдік қонақтар, облыстардың дін істері басқармаларының басшылары, дінтанушы, сарапшы ғалымдар, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, дін қызметкерлері қатысты.

Халықаралық форум аясында Орталық Азиядағы діни саласына қатысты мәселелер талқыланды, сонымен қатар жастар арасында діни экстремизм мен деструктивті ағымдардың алдын алу мәселелері көтерілді. Жиында сөз алған аймақ басшысы жастардың өмірі мен психикасына теріс әсер беретін діни ағымдардың қауіпіне тоқталып, жастардың өзге ағымдардың жетегінде кетіп, жапа шегіп қалмасы үшін діни сауаттылықты арттыру керек екенін атап өтті. Ал бас имам Әнуар Ізімбайұлы Орталық Азиядағы және соның ішіндегі Қазақстандағы діни ахуалдың тұрақтылығына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да мұсылман қауымының діни, рухани қажеттілігін қанағаттандырып, республика аумағындағы мешіттер мен діни ағартушылық жұмыстарының сапалы, тұрақты және тиімді қызмет көрсетуіне діни радикализммен күресуде нәтижелі жұмыстар атқарып келетіндігін тілге тиек етті.

Форум аясында бірқатар қатысушылар «Қазақстандағы діни қатынастар», «Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің сақталуында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рөлі», «Мемлекет және дін қатынастарындағы ғұламалардың орны мен маңызы», т.б. тақырыптарда баяндама жасады.

Пленарлық мәжіліс отырысынан кейін форум жұмысы секциялық отырыстармен жалғасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру