ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл Павлодар облысына арнайы іс-сапары барысында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жамағатымен арнайы жүздесіп, кешкілік уағыз-насихат айтты.
Хасан Ташайұлы «Намаз – діннің тірегі» тақырыбындағы уағызын жамағатпен өзара сұқбат-әңгіме түрінде өткізді. Ал келесі күні бекітілген кесте бойынша «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне жиналған жамағатқа «Ақ некенің мәні мен мағынасы» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Сонымен қатар «Munara TV» арнасына жат ағым, оның пайда болуы және онымен күресу, сақтану жолдары туралы арнайы сұхбат берді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
18.07.2022
4779
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру