Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау қалалық мешіті толықтай жөндеуден өтпек

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 18.07.2022 3719 0 пікір
Теміртау қалалық мешіті толықтай жөндеуден өтпек

Қарағанды облысындағы Жақып Ақбай атындағы Теміртау қалалық мешітінде күрделі жөндеу жұмыстарының басталуына орай аула тазалау жұмыстары өтті.

Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлының басшылығымен арнайы мал құрбандыққа шалынып, игі бастаманың сәтті өтуін тілеп, жамағатпен дұға жасалды.  

«Құрбандық шалып, Алладан дұға тілеп, Теміртау қалалық мешітінің бастан аяқ күрделі жөндеу жұмыстарына кіріскелі отырмыз. Дұғада болыңыздар! Алла Тағала мешіттеріміздің көркейіп, іші жамағатқа толып, осы игі ниетіміздің қабыл болуын нәсіп етсін!» деді Естай Айтуғанұлы.  

Таң сәріден жиналған Теміртау жамағаты мешіт ауласын жан-жақты сүзгіден өткізіп тазалап, құрылысқа кедергі келтірмейтіндей жағдай жаратты. Сауапты іске ат салысқан жамағатқа түске қарай ақ дастарқан жайылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру