Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда «Қайырымдылық дүкені» ашылды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 11.07.2022 2856 0 пікір
Алматыда «Қайырымдылық дүкені» ашылды

«Зекет және қайырымдылық» қорының Алматыдағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық дүкені» ашылды.

Салтанатты шарада Алматы Орталық мешітінің бас имамы Төлеби Дәділұлы құттықтау сөз сөйлеп, ашылу рәсіме қатысты. Шашу шашылып балалар қуанышқа кенелді. Дүкеннің алғашқы тұтынушылары ретінде мұқтаж отбасылар шақырылды. Балаларға ойыншықтар, тұрмыстық заттар, киімдер, кеңсе тауарларын алып қуанышқа кенелген көпбалалы аналар ұйымдастырушы қайырымды жандарға алғысын айтты. Дүкеннің ары қарай көмекке зәру жандар игілігіне қызмет етуіне тілеулестік білдірді. 

«Құрметті ағайын! Сіз де «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДҮКЕНІНЕ» қолдау көрсетіп, өз үлесіңізді қоса аласыз. Жақсылық жасауда жарысайық!» дейді ұйымдастырушылар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру