Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Зират қорымына Жалаңтөс батыр есімі берілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 11.07.2022 2944 0 пікір
Қарағанды: Зират қорымына Жалаңтөс батыр есімі берілді

«Зират және зиярат мәдениеті» бағыты бойынша Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті қаладағы «Соқыр» зиратында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, «Жалаңтөс батыр» атауын берді.

Шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастаған қалалық мешіттің имамдары, дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты қатысты.

Шара барысында зират басында құрбан шалынып, Құран оқылды. Күрделі зират тазалығы жүргізілді. «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлының жетекшілігімен жүзеге асқан игі шара барысында жаназа, зират, зиярат жасаудың әдептері насихатталды. Бабалар салған сара жол жаңғырған рухани шара соңында марқұмдарға дұға бағышталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру