Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау қаласында қазақ күресінен жарыс өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 11.07.2022 6196 0 пікір
Теміртау қаласында қазақ күресінен жарыс өтті

Қарағанды облысының Теміртау қаласында Құрбан айт мерекесіне орай қазақ күресінен сайыс өтті.

Айтулы дода Теміртау мешіттері және Теміртау қаласының конфессияаралық қатынастары проблемаларын зерттеу және талдау орталығының ат салысуымен жүзеге асты.

Айта кетсек, спорттық бәсеке арнайы кәсіби бапкерлер тарапынан бақыланып отырды. Шын мықтылар өз нәтижесін көрсетіп, тиісті орындар иеленді.

Сайыста 120-ға жуық қатысушы өз бақтарын сынады. Жеңімпаздар әр салмақ дәрежесі бойынша (70 келі, 80 келі, абсолют - түйе палуандар) ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Атап айтсақ, I орынға 100 000 ₸, II орын иегеріне 70 000 ₸ және III орынға 50 000 ₸ берілді. 

Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы сайысқа қолдау білдірген барша азаматтар мен қатысушыларға өз алғысын айтып, салауатты өмір салтын насихаттау ҚМДБ тарапынан кең тұрғыда жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру