Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ҚМДБ ӨКІЛДІГІ АШЫЛЫП, БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.07.2022 4649 0 пікір
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ҚМДБ ӨКІЛДІГІ АШЫЛЫП, БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мүфтияттың Қонаев қаласында арнайы өкілдігі ашылып, жаңадан құрылған Алматы облысының бас имамы тағайындалды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы, Алматы өңірі бойынша өкілдігі жаңадан құрылған Алматы облысының Қонаев қаласына ауыстырылсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен осыған дейін Алматы орталық мешітінде наиб имам қызметін атқарған Мадияр Пірімқұлов Алматы облысының бас имамы болып тағайындалды.

Бүгін, қасиетті жұмада ҚМДБ Төраға орынбасары Кенжеәлі Мырзабаев Қонаев қаласында жамағатқа жаңа имамды таныстырып, Бас мүфти бұйрығын оқып берді. Сонымен қатар осыған дейін аталған өңірде имамдық қызмет атқарған Қуаныш Наржанов пен Алдажар Сейітұлына Бас мүфти алғыс хатын табыстап, құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру