Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада қасапшыларға арналған семинар өтті

muslim.kz 07.07.2022 2373 0 пікір
Елордада қасапшыларға арналған семинар өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» иақырыбында семинар-тренинг өтті.  Семинарға бас шаһардағы құрбан шалатын орындарда қызмет атқаруға тиісті азаматтар қатысып, тәжірибе жинақтады.

Алқалы жиынға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин, ҚМДБ «Халал Даму» және ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі Мерей Жақия сынды жауапты мамандар шақырылып, семинарға қатысушы қасапшы азаматтарға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығы түсіндірілді.

Дәріс барысында қасапшылық қылатын азаматтарға Қанат Қыдырмин арнайы дәріс жүргізіп, құрбан шалудың шариғи үкімдері мен талап-шарттарын кеңінен түсіндірсе, Данияр Сафиев халал стандартқа сай мал бауыздап, ет өңдеу жөнінде дәріс оқыды. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді.

060722 Qasapshylar 1

060722 Qasapshylar 3

060722 Qasapshylar 4

060722 Qasapshylar 5

060722 Qasapshylar 6

060722 Qasapshylar 7

060722 Qasapshylar 8

060722 Qasapshylar 9

060722 Qasapshylar 10

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру