ҚМДБ Жетісу облысының өкілдігіне қарасты барлық мешітте «Имани жаз» балаларға арналған жазғы лагерь ұйымдастырылып келеді.
Жастар секторының ұйытқы болуымен өтіп жатқан жазғы лагерде балаларға Құран әліппесін үйретіп, Құран сүрелері жаттатылады. Сондай-ақ, әр түрлі дұғалар, хадистер, Алланың көркем есімдері, иман шарттары, исламның шарттары туралы мол мағлұмат алады. Одан бөлек қолөнер сабағы өтіп, мұражайларға экскурсия, бассейн демалыс орындарына саяхат ұйымдастырылуда. Бір сөзбен айтқанда балалар үшін өте қызықты әрі пайдалы болары сөзсіз.
Осындай игі істе алғашқы болып «Еңбек» ауылдық мешітінің кішкентай бүлдіршіндері кеше жаздық сауат ашу курсының 1-ші бағамын аяқтады. Өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы үздік болған балапандарды марапаттап, сыйлықтар үлестірді. Батасын беріп, ата-аналарына ризашылығын білдірді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті
taglym.kz
30.06.2022
3521
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру