Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 28.06.2022 2174 0 пікір
Ақтөбе: БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 28 маусым –  Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің  мерекесіне орай өңірдегі 40 журналисті марапаттады. 

Аталған іс-шара барысында қаламмен қаруланып, жаңалықтың жаршысы атанып жүрген мамандарды төл мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбектің жуырда ғана жарық көрген «Әмәуи халифаты» кітабын сыйға тартып, алғыс хат табыстады.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ислам діні насихат арқылы тарайды», – деген болатын. Ал бұқаралық ақпарат құралдары – керемет насихат құралдары десем,  артық айтқандық болмас. Сондықтан біз, діни қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халыққа діни насихат таратамыз. Яғни біз сіздермен, журналистермен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара қоян-қолтық бірлесіп жұмыс істеуге ынталымыз. Аллаға шүкір, Ақтөбедегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары да бізбен бірлесіп жұмыс істеп, Ислам дінінің тәлімдік-тәрбиелік құндылықтарын халыққа нсаихаттап келеді. Осы еңбектеріңізге Алла Тағала разы болсын! Шығармашылық табыстар тілеймін!» – деді Серікжан Еншібайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру