Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СИРЕК КІТАПТАРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 28.06.2022 2253 0 пікір
СИРЕК КІТАПТАРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ашылған «Ислам мәдениеті» мұражайындағы бірқатар кітаптар Қазақстандағы «kazneb ұлттық электронды кітапхана қорына» енді.

Бұл мұражайда Түркияның Сүлеймение кітапханасымен қатар әлемнің бірқатар жетекші кітапханаларынан алынған қолжазбалар бар. Сонымен қатар халық арасында сақталған құнды кітаптар да осы кітапханаға жинақталған.

Қазіргі уақытта бұл мұражайдағы кітаптардың заманға сай цифрландыру жүйесіне енуі ерекше айтулы оқиға деуге болады. Заманауи қондырғылар сатып алынып, арнаулы мамандар ктіпханадағы кітаптарды электронды жүйеге түсірумен айналысып жатыр. Бұдан былай қазақстандық оқырман қауым енді электронды кітапханадан сапалы форматта танысуға әбден болады.

Бұл туралы ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Біздің мұражайда көне кітаптар көп. Бұл кітаптар – бүгінде сирек кездесетін көне мұралар қатарында. Біз бабаларымыздан қалған осынау құнды мұраларды еліміздегі электронды кітаптар кітаптар жүйесіне енгізіп IT бағдарламаларын ұтымды қолдану арқылы цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатырыз. «Ислам мәдениеті» мұражайының мешітте ашылуы ұлтымыздың тарихи санасын жаңғыртып, мешіттердің мәдени-ғылыми орталыққа айналуына өз ықпалын тигізді» деп, бұл игі істің маңызы жайлы айтып өтті.

Бүгінгі таңда жастар, оқушылар, әр мемлекеттен келген туристер, басқа облыстардан қонақтар келіп тамашалап, тарихымыздан мол мағлұмат алып жатқанын айтты. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен ашылған бұл мұражай ұлттық және Ислам жәдігерлеріне толы болуымен ерекше.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру