Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Солтүстік Қазақстан облысында 2 отбасыға пәтер берілді

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі 28.06.2022 2145 0 пікір
Солтүстік Қазақстан облысында 2 отбасыға пәтер берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен қолға алынған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы көптеген мұқтаж отбасыларды қуанышқа бөлеп келеді. Қор өкілдері осыған дейін де солтүстік өңірдегі тұрмысында қиыншылығы бар отбасыларға қол ұшын берді.

Өңірге жұмыс сапарымен келген РАНТ мүшесі Думан Нәдірұлы, облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының СҚО-дағы өкілі Қасымхан Абдуллаұлы облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде жамағат алдында Ғабит Мүсірепов ауданының 2 тұрғынына баспана кілтін табыстап, жаңа қонысымен құттықтады.

Бұл «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша беріліп отырған 571 және 572-баспаналар. Мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына ауданның кәсіпкерлері мен имамдары атсалысты.

Айта кетейік, биыл өңірде «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 4 мұқтаж отбасыға пәтер кілті табысталды. Берекелі жоба алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру