Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы Темір ауданына арнайы іс-сапармен барып, жергілікті жамағатқа ауданның жаңа имамын таныстырды.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Темір аудандық «Досжан ишан» мешітінің бас имамы болып Мейіржан Бердіқожин тағайындалды. Ол – бұған дейін Қостанай облысы, Жітіқарара ауданында бас имам қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі.
Бас имам Серікжан Еншібайұлы Мейіржан Қапарұлының жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік пен береке тіледі.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
27.06.2022
3350
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру