Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Қыздар бөлімінің 18 шәкірті қари атанды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 27.06.2022 6227 0 пікір
Шымкент: Қыздар бөлімінің 18 шәкірті қари атанды

Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұйытқы болуымен «Адамзаттың асыл тәжі – Құран» атты қарилық курсын бітірушілерді марапаттау салтанатты шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ықыласхан Майлан, дінтанушы Қалиолла Маджанов, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Салтанатты шара әуелі қасиетті Құран оқумен басталды. Рухани шарада ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы арнайы сөз сөйлеп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлімін жеткізді.

Аталмыш оқу орталығының 25 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастылған шарада қасиетті Құранды толық жаттаған 18 шәкірт қари қыздарға ұмра қажылығына жолдама сертификаты табыс етілді. Шаһардың ең үлкен мәдени ошағы «Түркістан» сарайында өткізілген рухани шарада «Ықылас» қарилар дайындау орталығының шәкірттері дайында сахналық көріністер мен мәдени  шаралармен жалғасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру