Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Жазғы сауат ашу курсы басталды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 20.06.2022 2746 0 пікір
Шымкент: Жазғы сауат ашу курсы басталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент қаласындағы  мешіттерде  «Имани жаз 2022» жазғы сауат ашу курстары жұмысын бастады.

Осы игі шараның Шымкент қаласындағы ашылуына шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұхамеджан Естемір мен Қазыбек Сарыбаев, ұстаз Омар қари Сәлімбеков пен қалалық Әйел-қыздар секторының мүшелері қатысты.

«ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарының бірі һәм бірегейі – оқу ағарту, діни рухани сауат ашу курстары екені белгілі. Осы орайда, жыл сайынғы дәстүрге сәйкес қала аумағындағы барлық мешіттерде қысқа мерзімді діни сауат ашу курстары жұмысын бастады. Мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді пайдаланып, ұлттық һәм діни, рухани құндылықтарымызды балаларға үйретеміз» деді бас имамы Бақдәулет Абдрахманов.

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша 88 мешітте жазғы діни рухани сауат ашу курстарында ҚМДБ-ның оқу бағдарламасы аясында «Құран әліппесі»,  «Әдеп» және «Имандылық әліппесі» дәрістері жүргізілуде.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру