Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИСЛАМТАНУШЫ МАГИСТРЛАР ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҚОРҒАДЫ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 16.06.2022 2953 0 пікір
ИСЛАМТАНУШЫ МАГИСТРЛАР ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҚОРҒАДЫ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің магистратуралық білім беру бағдарламасы бойынша исламтану саласын (7М02201) тәмамдап жатқан түлектер диссертациялық зерттеу жұмыстарын қорғады.

Диссертанттардың тақырыптары «Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың қолданылуы: қазіргі тенденциялар мен перспективалар», «Ислам құқық методологиясындағы мафһум әл-мухалафа дәлелінің орны (салыстырмалы талдау», «Усул әс-Сарахси еңбегіндегі хадис әдіснамасы: өлшемдері мен қағидалары», «Ислам дініндегі жас ерекшелігіне қарай бала тәрбиесі және оның қоғамдық-әлеуметтік аспектілері», «Исламдағы ахлақтық кодекстердің ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына әсері», т.б. бүгінгі қоғам және ғылым үшін өзекті мәселелерді қамтыған.

Болашақ магистрлардың зерттеу еңбектерін Бас мүфтидің кеңесшісі, профессор Мұхаммад-Хусайн Алсабеков бастаған мемлекеттік комиссия сараптап, бағалады. Комиссия құрамында сондай-ақ PhD доктор, қауымдастырылған профессор Алау Әділбаев, кафедра меңгерушісі, PhD доктор Нұрлан Анарбаев, PhD докторлар Самет Оқан, Асқар Әкімханов, мысырлық ғалымдар Ахмад Хасан, Мамун Жабир болды.

Айта кетейік, биыл 15 магистр диссертациялық жұмысын қорғауға ұсынды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру