Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Іле ауданында отбасылық сайыс өтті

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 16.06.2022 3165 0 пікір
Іле ауданында отбасылық сайыс өтті

Діни басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес салт-дәстүр бағыты бойынша Алматы облысы Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде «Ең үлгілі отбасы» сайысы өтті.

Мешіт бас имамы Дархан Аманұлы және Әйел-қыздар секторының аймақтық өкілдігінің жетекшісі Майгүл Айтбайқызының ұйымдастыруымен өткен игі шараға Іле ауданына қарасты он ауылдан он отбасы қатысты. Алдымен сайыстың мән-мағынасы мен өткізудегі мақсаты түсіндіріліп, ережесі мен қатысушы отбасылар таныстырылды. 

Қатысушы отбасылар бірінші сұрақ-жауап сынынан өтті. Бұған ер-азаматтар қатысса, қысқа сүрелерді жатқа оқудан балалар сынға түсті. Ал аналары болса тапсырмаға сай тәтті тағам пісіріп, оған әділқазылар мүшесі өздерінің бағасын берді. Жүзден жүйрік демекші Іле ауданы бойынша «Ең үлгілі отбасы» сайысына қатысып, бірінші орынға Казцик ауылынан келген Жайсанбаевтар отбасы қол жеткізді. Екінші орынды Қараой ауылынан келген Сүтбаевтар отбасы иеленсе, ІІІ орынды Водник ықшамауданының Тулукбаевтар отбасы қанағат тұтты.

Айта кетейік, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, барлық қатысушыға тұрмыстық техникалар мен өзге де бағалы сыйлықтар табысталды. Сайыс соңында Алматы аймағының бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы отбасының құндылығы жайында уағыз айтып, қатысушы отбасыларды марапаттады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру