Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

КӨПБАЛАЛЫ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 15.06.2022 2903 0 пікір
КӨПБАЛАЛЫ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен 9 баланың әкесі, дін қызметкері Кенжебек Ескендіровтің отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Медеу аудандық «Аманқұл ата» мешітінде ұстаздық қызметін атқарып жүрген Кенжебек Бегалыұлының отбасына «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдігін ұйымдастыруымен қаланың бас имамы азық-түлік пен қаржылай қайырымдылық көмегін тарту етті. Дін қызметкері жұбайымен 9 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар қатарында.

Айта кетейік, ҚМДБ бекіткен жылдық жоспар бойынша «Алла жолында адал қызмет» аясында қала мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне ұдайы көмек беру жүргізіліп келеді. Игі шара барысында қаланың бас имамы Төлеби Оспан көпбалалы отбасына береке, балалардың деніне саулық, оқуда озат болуларына дұға жасап, бата берді. Бас имам кішкене бүлдіршіндерге ойыншықтар беріп, дастарқаннан дәм татты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру