ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде жамағатқа уағыз-насихат айтты.
Кешкі ақшам намазына жиналған орталық мешітке келушілер ауызбіршілік, тәуелсіздіктің қадірі жөнінде уағыз тыңдаса, одан бөлек Сансызбай Құрбанұлы жамағаттың діни сауалдарына жауап берді.
Уағыздан кейін наиб мүфти жамағатпен бірге құптан намазын оқып, ел амандығы үшін дұға жасады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
14.06.2022
4320
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру