Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Мешіт жамағаты футбол турниріне қатысты

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 13.06.2022 3221 0 пікір
Атырау: Мешіт жамағаты футбол турниріне қатысты

Мешіт жамағаты арасындағы ауызбірлікті, ынтымақты нығайту мақсатында өткен спорттық іс-шараға Атырау облысының тұрғындары қатысты.

Барлығы 8 команда өзара бақ сынасқан турнирде бірінші орынды «Атырау медресесі» командасы жеңіп алды. Ал екінші орынды «Береке Құлсары» командасы иеленсе, «Бірлік Атырау» командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

Жылыой аудандық мешітінің ұйымдастыруымен өткен турнирде жеңімпаздар қаржылай сыйлықпен марапатталды. Бірінші орын иеленген команда 70 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Екінші және үшінші орын иеленген командалар 50 мың теңге, 30 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтарды иеленді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру