Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу имамдары діни экспедиция ұйымдастырды

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 09.06.2022 2645 0 пікір
Жетісу имамдары діни экспедиция ұйымдастырды

Жетісу облысының имамдары ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлының бастамасымен киелі Түркістан облысындағы қасиетті мекендерге арнайы діни экспедиция ұйымдастырды.

Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Сәрсенбайұлы бастаған 20-ға жуық дін қызметкері Арыстан баб кесенесіне, байырғы Отырар қаласының орнына, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне барып, бабалар рухына Құран бағыштап, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың киелі орындарын зиярат етті. Сондай-ақ мешіт ұжымы күллі түркі жұртының рухани астанасына айналған қаланың жаңарған көрінісіне куә болды. Еліміздің оңтүстігіне игі мақсатта сапар шеккен ұжым рухани мол тағылым алып қайтты. ⠀

Айта кетсек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Дархан дала» жобасы іске қосылған болатын. Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру