Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау өңірінің дін қызметкеріне үй берілді

09.06.2022 5326 0 пікір
Маңғыстау өңірінің дін қызметкеріне үй берілді

ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлының бастамасымен имамдарға, «Уақып» өкілдеріне уақып жайлы ақпараттар беріліп, кеңінен насихатталып келеді.

Оқу-ағарту жұмыстарының тағы бір нәтижесі ретінде уақып сүннетін жаңғырту мақсатында «Уақып» қорының Маңғыстау облысындағы өкілінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы Тұщықұдық ауылында дін қызметкеріне үй берілді. Уақыпқа берілген мүлік жеке меншікке өтпейді, мирасқа қалмайды, кепілге берілмейді. Сондықтан бұл үй толығымен ҚМДБ иелігіне өтті. Дін қызметкері қызметін ауыстырған жағдайда үй де жаңа қызметкердің қолдануына беріледі.

Айта кетейік, «Уақып» қорының мақсаты – Ислам дінін көркейту, дамыту. Сол себепті шалғай жерлерде орналасқан мешіттерде қызмет ететін имамдардың тұрғын үй мәселесін шешуге басымдық беріліп келеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру