Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы басталды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 06.06.2022 1760 0 пікір
Ақтөбе: «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы басталды

Оқу жылы да аяқталып, оқушылар жазғы демалысқа шықты. Осы орайда әр жаз сайын ҚМДБ «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырып келеді.

Жылдағы үрдіске сай биыл да Ақтөбе мешіттері оқушыларға арналған тәрбиелі де өнегелі дәріске толы «Имани жаз» рухани сауат ашу курсын бастады. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінен бастау алған дәрістер қалалық және аудандық мешіттерде жалғасын тапты.

Мешіт жанынан ұйымдастырған курстарда балаларға әдеп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретіліп, дастарқан батасын беру, ас ішер алдындағы дұға, Құран әліппесін үйрену сынды дәрістер өткізіліп жатыр. Сондай-ақ шәкірттерге таңғы, түскі, түстен кейінгі ас беріліп, әртүрлі ойындар арқылы бауырмашылдық пен таным шеңберін кеңейту жұмыстары жүргізуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру