Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Теннис турнирі өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 06.06.2022 2128 0 пікір
Өскемен: Теннис турнирі өтті

«Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында Өскемен аймағы өкілдігі жамағат арасында теннис турнирін өткізді. Іс-шара Өскемен қаласында жақында ғана ашылған «Теннис орталығымен» бірлесіп жасалды.

Сайысты ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Бекзат Құсанбаев: «Спортпен айналысу, шынығу – ардақты Пайғамбарымызыдң (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. Жамағатымыз спортпен айналысып, түрлі бәсекелерге қатысып, салауатты тұрмыс салтын сақтауда ерекше белсенділік көрсетіп жүр. Бүгінгі сайысқа қала мешіттері ғана емес, аудандардағы жамағат ерекше белсенділікпен қатысты», – деп атап өтті.

Бәсекеге Өскемен қаласындағы және жақын аудандардың мешіттерінен 30-дан аса жамағат қатысып, теннистен шеберлігін сынады. Бәсекені теннис орталығының маманы бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынға Жарас Жетпісбай, 2-орынға Дидар Есімханов, 3-орынға Марғұлан Қызырбеков ие болып, өкілдік атынан ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру