Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау: Дәріс қатысушыларына сертификат берілді

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.06.2022 1646 0 пікір
Теміртау: Дәріс қатысушыларына сертификат берілді

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде «Намаз – жәннаттың кілті» атты он күндік дәріс-семинарына қатысқан шәкірттерге арнайы сертификаттар берілді.

Табыстау рәсіміне Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы мен аталмыш дәріске жетекшілік еткен Теміртау орталық мешітінің ұстазы Олжас Бейсенәлі қатысып, шәкірттерге білімдерін шыңдау жолында сәттілік тілеп, өз насихатын айтты. 

«Сіздердің білімге деген құлшыныстарыңызды арттыру мақсатында бүгін мешіт атынан кітаптар мен арнайы сертификаттар табыстағалы отырмыз. Ізденіс жолындағы адам үшін кітап – жол нұсқаушы асыл қазына. Сол себепті кітап сіздердің жан серіктеріңізге айналсын. Әрқашан ізденуден жалықпаңыздар» деді Естай Айтуғанұлы. 

Айта кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Теміртау орталық мешітінің ұйымдастыруымен ұстаз Олжас Бейсенәлінің жетекшілігі негізінде намаз оқу және намаздағы қателіктерді түзету мәселесі бойынша он күндік дәріс-семинары өткізілген болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру