Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Жазғы сауат ашу курсы басталды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 02.06.2022 2535 0 пікір
Қостанай: Жазғы сауат ашу курсы басталды

Қостанай облысы Рудный қалалық «Нұр» мешіті жазғы сауат ашу курсы жұмысын бастады.

Сауат ашу курсына дәріс алуға алпысқа жуық бүлдіршін ниет білдірді. Ер балалар мен қыз балалар екі топқа бөлініп, мешіт ғимараты және ұстаздармен жете танысты. Дәрістен соң мешіт ауласында арнайы шақырылған аниматорлар балалардың көңілін көтеретін түрлі ойындар ұйымдастырды. 

Шәкірттерге тәттілер мен балмұздақтар таратылып, бүлдіршіндердің жүзі бал-бұл жайнап, шексіз қуанышқа бөленді. Осындай игі істерге ата-аналар да риза болып, алғысын жаудырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру