Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ризабек Батталұлы атыраулық жамағатпен жүздесті

amin.kz 02.06.2022 2212 0 пікір
Ризабек Батталұлы атыраулық жамағатпен жүздесті

Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, белгілі дінтанушы Ризабек Батталұлы Атырау облысына сапармен келді.

Ол қаладағы «Иманғали» орталық мешітінде болып, жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат айтты. Асыл дінімізде садақа берудің, жақсылыққа насихат жасаудың маңызы зор екеніне тоқталды.

«Әрбір берілген садақаңыз – біреуге көмектесуден бұрын өзіңіздің екі өміріңізге салып жатқан инвестицияңыз. Сол арқылы отбасыңызға, кәсібіңізге береке кіреді. Ал ақыреттегі сауабын Алла береді. Сондықтан жәрдем тілеген жанға, мешіт-медресе құрылысына жұмсалған қайырымдылық өзіңіздің өміріңіз үшін қайырлы болады» деді Ризабек Батталұлы.

Сондай-ақ ол құлшылықта ықтиятты болу, мұсылман арасындағы ауызбірлік турасында да әңгіме қозғады. Жамағат көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру