Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Орталық мешітте балалар мерекесі аталып өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 01.06.2022 1345 0 пікір
Алматы: Орталық мешітте балалар мерекесі аталып өтті

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Орталық мешіт алаңында Балаларды қорғау күніне орай ауқымды іс-шара өтті. 

Орталық мешіттің дін қызметкерлері мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған ойын-сауық бағдарламалары балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Қалалық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мешіт жамағатының бүлдіршіндеріне арналған сахналық қойылымдар мерекенің көркін ашты.

Орталық мешіт ұстазы Серік Ахметов балаларды мерекесімен құттықтап, ақылды да білімді болып ер жетулеріне дұға жасады. Балалар үшін арнайы аттракцион-батуттар орнатылып, түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Белсенді бүлдіршіндерге интерактивті ойыншықтар таратылды. Ұйымдастырушылар мен демеушілерге бала болашағымыз деп білген ата-аналар зор алғысын айтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру