ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік кеш өтті.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында этноауылда өткен шарада облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала имамдары балаларды мейраммен құттықтап, қуанышқа бөледі.
Берекелі кеш ақ дастарқан басындағы өнегелі насихатпен басталып, өлеңдер оқумен өрбіді, күмбірлеген күй-термелер де төгілді. Осыдан кейін жас жеткіншіктер садақ атудан бақ сынап, атпен серуендеді. Жиын соңында 3 жас түлекке сый-сияпат тарту етілді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
01.06.2022
2652
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру