Баршамызға белгілі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.
Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының ұйымдастыруымен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ауласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға қаланың балдырғандары мен оқушылары қатысты. Мешіт ауласында өткен мерекелік бағдарламада әртүрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы ойыншықтар үлестірілді. 1000 балаға балмұздақ таратылып, кішкентай бүлдіршіндерге батут ойын алаңы қойылды.
Сондай-ақ әртүрлі жануардың киімін киген аниматорлар ойын-сауық көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлады. Шара барысында балдырғандар лимузин автокөлігімен қаланың көрікті жерлерін тамашалады. Оқушылар арасында викториналық сұрақ-жауап өткізіліп, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
01.06.2022
2387
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру