Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШАБАНДОЗДАР КӨКПАР ТАРТТЫ (ФОТО)

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 01.06.2022 1933 0 пікір
ШАБАНДОЗДАР КӨКПАР ТАРТТЫ (ФОТО)

Павлодар қалалық «Ақмешіт» және «Бижан» мешіттерінің ұйымдастыруымен қала шетіндегі Мойылды ауылы аумағында қазақтың ұлттық ат спорты көкпар сайысы өтті.

Сайысқа тұлпары сақадай сай имамдар, жамағаттан құралған алты команда қатысып, көкпаршылар білек күші мен аттың бауырында ойнайтын шеберлігін сарапқа салды. Сайысқа Май, Ақсу, Екібастұз аудандарынан шыңдалған бірнеше команда қатысса, дүбірлі доданы ауыл тұрғындары тік тұрып тамашалады. Сайысты тамшалауға халық мол жиналды.

«Осы спорт түрін одан ары дамыту мен жастардың ат спортына деген қызығушылығын ояту үшін бірнеше іс-шаралар жоспарланып, іске асуда. Ат спорты мен көкпар – ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ойыны. Біз бабадан мұра болған бұл спорт түрін дамытуымыз керек» деді қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қылышев.

Жарыс болған жерде жеңімпаз да жарқырап көрінетіні белгілі. Бірінші орынға Май ауданының «Малайсары» командасының шабандоздары, екінші орынға Ақсу ауданының Қызылжар ауылының командасы, үшінші орынды Екібастұз ауданы Ақкөл ауылының «Сейфолла» командасы иеленді. Сайыстың көрігін қыздырып, халықтың көңілінен шығып, жеңіске жеткен командаларға марапат және сыйлықтар берілді. Өзін нағыз спорттық бабында екенін көрсеткен шабандоздарға халық риза болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру