Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорған орталық «Иман» мешітіне келіп, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап Құран оқытты. Жетісу өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы құрбандардың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.
Сондай-ақ облыс басшысы алдағы уақытта мешітте жүргізілгелі жатқан құрылыс жұмыстарының жай-жапсарымен танысты. Өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы бекітілген жоспар бойынша жаңадан салынатын хатымхананың орнын, мешіттің сыртқы есік-терезе, жарықшамдарын, мешіттің ішінде болатын орталық жылу жүйесіне қосылған ыстық еден орындарын көрсетті.
Облыс имамы кездесу соңында облыс әкімі Қанат Алдабергенұлына өңірдегі діни ахуалды баяндап, жамағаттардың өтінішін жеткізді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі
31.05.2022
2350
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру